Ақтауды көбелектер басып алды
Ал Ақтауда көбелектен көз тұнады! Соңғы екі-үш күннен бері қаладағы гүлзарлар мен саябақтарды ала қанатты жәндіктер басып қалған.
Автор: Жанар Низамутдинова
23.05.2016
Бірақ, жергілікті жұрт табиғаттың мұндай тосын сыйына дән риза. Қалақаймен қоректенетіндіктен бұл көбелектерге осы шөптің атауы қоса тіркеліпті. Бұлардың биыл шектен тыс көп болуына жауын-шашын мен ылғалды ауа-райы әсер еткен көрінеді. Қазір осы қалақай көбелектерді арнайы лабаратория мамандары жіті зерттеуге кіріскен. Сөздеріне сенсек, жәндіктердің қоршаған ортаға да, адамдарға да зияны жоқ екен.
Светлана Мустафович, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Биыл тіпті көп,соған қарағанда табиғатта бір өзгеріс болатын шығар. Бірақ мұндай көрініс, бәрімізге әрине ұнайды, әсіресе, балалар мәз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!