Сирияда тағы жойқын жарылыс болды
Сирияның Тартус және Джебла қалаларында болған жарылыстардың салдарынан жүзден астам адам көз жұмды. Елдің батысындағы Латакия провинциясындағы бұл қалалар негізі Үкімет әскерінің бақылауында болған.
Автор: Олжас Байжан
23.05.2016
Лаңкестік шабуыл да соларға бағытталыпты. Таргустегі жарылыс тура жанармай бекетінің маңында болған. Ал Джеблада қаскөйлер нысанға аурухананы алған көрінеді. Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан қалалардағы лаңкестік шабуылды «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары өз мойнына алып отыр. Және екі қалада да жарылысты жанкештілер жасапты. Айта кетсек, Тартуста қазір Ресей әскери флотын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық нысандар бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!