{metadescription}

Үлкен Алматы көлінде тағы бір шектеу пайда болды

Енді табиғат аясында от жағу мен тау-тастарға жазбаларды қалдырудан өзге фото және видео түсірілім жасауға тыйым салынған. Бұл демалушылардың наразылығын тудыруда.

Ұлттық паркке қарайтын Үлкен Алматы көлі стратигиялық нысан. Қаланы ауызсумен қамтамасыз етіп отырған орындардың бірі. Сондықтан парк басшылығы қауіпсіздік шарасы ретінде демалушыларға ескерту ретінде жасапты. Бірақ мұны жұрт дұрыс түсінбеген дейді басшылық. Негізі туристер таудағы көл маңайында суретке түсе алады. Тек жарылыс, қосымша нысандардың уақытша құрылысы мен адамдардың көп шоғырлануын талап ететін фильм мен бейнебаяндар түсіру үшін әкімшілікпен арнайы келісім жасалуы керек екен.

Азамат Ақаев, Іле-Алатау Ұлттық табиғи паркі РМК бөлім басшысы:

– Кейбіреулер тау-тасты аралап кетеді, ағаштың үстіне шығып кетеді. Сондай жағдайларды болдырмау үшін Ұлттық парктің әкімшілігімен келісу арқылы түсірілім жүргізуді сұрағанбыз. ҮАК маңыздылығы бойынша ерекше табиғи объект болып саналады. Сондықтан сол жерде түсірілген кино немесе фото міндетті түрде Ұлттық парктің әкімшілігімен келісулі болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.