{metadescription}

Алматыда алапат өрттен зардап шеккендер пәтерлеріне қайта көшіп жатыр

«Юбилейный» сауда орнындағы алапат өрттен зардап шеккен алматылықтар баспаналарына қайтіп көшіп келіп жатыр. Супермаркет иесі күл-талқаны шыққан пәтерлерді жөндеп беріпті.   

Бұл - отқа оранған 46 пәтердің әзірге алтауының иелері ғана. Қалғандары әлі аяқталмаған. Электр желілері ағытылып, есіктері де әлі қойылмапты. Ал кейбір пәтерлердің құр қаңқасы ғана қақырап бос тұр. Десе де, құрылысшылар айдың аяғына дейін ішкі жұмыстарды аяқтаймыз деп сендіріп отыр. Супермаркеттің өзі тып-типыл болған. Жергілікті әкімдік оны біржолата жаптырып тастапты. 7 қабатты үйдің астындағы сауда орны мен дәмханадан өрт шығып, 7 адам жараланған болатын. Осы оқиғадан соң бүкіл қала бойынша тұрғынүй астындағы сауда орындарына қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.       

Айсұлу Қалметова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Кеше ғана көшіп кірдік. Үйдің ішіне жөндеу жұмыстары жасалғанымен, күйіктің иісі әлі де сезіліп тұр. Бөлмелердің бәрі онбай бүлінді. Енді мұндай оқиға қайталанбайды деп ойлаймын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.