{metadescription}

Жарық ақысын кімге төлерін білмей жүрген Жезқазған тұрғындары шу шығарды

Жезқазған тұрғындары соңғы екі айдан бері электр энергиясы үшін кімге ақы төлерін білмей бастары қатты. Өйткені жарық таратушы екі компанияның атынан түбіртектер келіп жатыр. Бұрыннан бері келетін «Жезқазғанэнерго» компаниясының түбіртегімен қоса қазір жаңа құрылған «Қазэнергоцентр» деген мекеме де есеп айрысу құжатын жібереді екен. Тұрғындардың арыз шағымы көбейгенімен қала билігі де ақ қараны ажырата алмай дал боп отыр.    

Татьяна Волкова наурыз айынан бері электр энергиясына ақы төлеуді қойған. Себебі қайда төлерін білмейді. Ал тұрғындардың біразі жаңа компанияға ақы төлесе, ескіншісінен ескертулер келіп есті алады. Керісінше қылғандары да сондай құқай көріп отыр. Коммуналдық қызметке қарыз боп қалудан қорқатын зейнеткер Елена Ковальчук жарық ақысын төлесем де берешек боп қалдым дейді. 

Елена Ковальчук Жезқазған қаласының тұрғыны:

-Ел әртүрлі айтады. Жаңа компания келді дегесін сонда барып төлеген болатынмын. Енді «Жезқазғанэнерго» қарызсың деген құжат жіберіпті. Не істерімді де білмей отырмын.

Бір қызығы, Жезқазғанэнерго компаниясының түбіртегіндегі сома бәсекелесінің құжатындағы сомадан жоғары. Жарық тасымалдау нарығына жаңа келген компания киловатты 2 жарым теңгеге арзан ұсынған. Сондықтан да тұрғындардың көбі жаңа түбіртекпен төлем жасапты. Монополияға қарсы агенттік өкілдері болса, компания мен тұрғындар арасындағы іске араласуға құзіретіміз жоқ дейді.

Жұлдыз Ескенова, Қарағанды облыстық Монополияғы қарсы агенттік департаментінің бөлім басшысы:

-Қала тұрғындары ескі компаниямен жұмыс жасағылары келмесе арадағы келісім шарттарын бұзулары керек. Сөйтіп жаңасымен келісімге отырады. Нарық болғасын, бұл әркімнің өз шаруасы. Сондықтан әр абонент мәселесін өздері ғана шешулері керек.

Жаңа құрылған «Қазэнергоцентр» компаниясы тұтынушыға жеткізген өнімнің бізге тиесілі екенін кез-келген жерде дәлелдей аламыз деп отыр. Қарағанды облысының жартысынан көбін билеп төстеп отырған ескі компания да оңайлықпен берілетін түрі жоқ. Екі алпауыт тұтынушыға таласып жатқан тұста, зардабын да сол халықтың өзі тартуда. Ал араша сұрап шырылдаған жұрттан билік пен құзырлы орындар «нарықты» сылтау етіп, сырт айналған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.