{metadescription}

Алматы облысында 5 жасар бала балабақшада жүріп аяғы сындырып алған

Балабақшада жүріп аяғын сындырған! Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 5 жасар Мұхамедтің аяғы морт сынып, екі айдан бері төсекке таңулы жатыр. Бірақ болған оқиғаға қарамастан, балабақша қызметін сол қалпы жалғастыруда. Ал бүлдіршіннің ата-анасы содан бері ісіне салғырт қараған балабақша қызметкерлерін жауапқа тартқыза алмай жүр.

Балабақшада жүріп аяғын сындырған! Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 5 жасар Мұхамедтің аяғы морт сынып, екі айдан бері төсекке таңулы жатыр. Бүлдіршіннің ата-анасы содан бері ісіне салғырт қараған балабақша қызметкерлерін жауапқа тартқыза алмай жүр. Басшылық тұрмақ, тәрбиешінің өзі ескерту де алмапты.

-Баланы былай тосамын, осылай сиеді. Осылай жатып үлкен дәретке отырады.

Белуарына дейін гипс қапталған Мұхамед өзі отырып-тұра алмайды. Әке-шешесі қазір бар тірлігін тастап, ұлына қарасумен күндерін өткізіп жүр. Айтуларынша, қапыда болған қателікті балабақша басшылығы да, тәрбиеші де мойындамай қойған. 

Алтынай Сүгірова, Мұхамедтің анасы:

- Жүгіріп жүріп құлап қалды, аяғы сынып қалды дейді. Олар ұрып сындырды ма, не істеп сындырды? Бізге сол дәлел керек болып тұр, ақиқат керек боп тұр. Сынатын болса үйде күніне жүз рет құлайды ғой, неге сынбайды? 

Ал баланы мұндай жағдайға түсірген балабақша қызметін сол қалпы жалғастырып жатыр. Тек тілшілер келердің алдында меңгерушінің қан қысымы көтеріліп, емханаға кеткен. Сол күні кішкентай Мұхамедке жауапты болған тәрбиеші тіпті Талдықорғанға жолға шығып кетіпті.

Ал қалған қызметкерлер өз айыптарын жуып әлек. Айтуларынша, тәрбиешінің өзі де, ұжым болып та көмек көрсетпек болыпты. Бірақ, ата-анасы одан бас тартты дейді.

Валентина Садовикова, «Аққайың» балабақшасының әдіскері:

-Балаға тәрбиешіміз ылғи барып, жағдайын біліп тұрды. Қолымыздан келгенше ұжым болып қаражат жинап, көмегімізді бердік. Тағы қандай көмек керек десек, қанша жетіспейді десек, бас тартып, нақты сомасын айтпайды.

Қайдар мен Алтынай енді жұмысына салғырт қараған тәрбиешіні күйеуімен қосып үстерінен арыз жазып жатыр. Айтуларынша, тәрбиешінің күйеуі бұған дейін еш жерге айтқызбай, бүкіл ем-домын көтерем деп ант су ішкен екен. Бірақ, артынша сөзінен тайқып шығыпты. Әрі жауапсыз балабақша басшылығы да жауапқа тартылса дейді қамкөңіл ата-ана.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде