{metadescription}

Ақмола облысында өлі денесін балықшы тапқан Эллина Құлдина жерленді

Нұра өзенінен мәйіті табылған Эллина Құлдина бүгін Астанада жер қойнына берілді. 11 күн бойы су астында жатып қалған кішкентай қызбен қоштасуға туған туыстарынан бөлек, оны іздеуге қатысқан еріктілер де келді.

Ал бейкүнә сәбиді іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған сүңгуірлер, құтқарушылар, жүздеген еріктілер емес, қарапайым балықшы тауып алған. Яғни, Нұра өзенінде балық аулап отырған кісінің қармағына бір шүберекке ұқсас киім ілінген. Қармақты тартқан бойда, киіммен бірге су бетіне Эллинаның өлі денесі сүйретіле шығыпты. Сот сараптамасы марқұм қыздың денесінен ешқандай азаптау белгілерін анықтаған жоқ. Еске салсақ, 2 жасар Эллина Құлдина Елордадан 40 шақырым жердегі Қабанбай батыр ауылы маңында мамырдың 10-ы күні жоғалған еді. Нұра өзеніне әке-шешесімен демалуға барып, қараусыз қалған бөбек суға кеткен. Тіпті полиция баласына бас-көз болмаған ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғағанын айта кетейік.

Аягөз  Фазылова, Астана қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:

-Астаналық Аэроұтқыр құтқару бөлімінен 5 сүңгуір, және Өрт сөндіруден 44 жеке құрам баланы құтқаруға жіберілді. Біздің сүңгуірлер Нұра өзеніне 20 рет түсіп сүзіп шықты. Құтқару жұмысына белсене қатысуға тырыстық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.