{metadescription}

Сауд Арабиясында ұсталған қазақ діндарына қатысты жаңа дерек шықты

Сауд Арабиясында қамауда отырған радикалды жат ағым жетекшілерінің бірі Әбдіхалил Әбдіжаппаров Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін. «Шейх Халил» деген атпен танымал отандасымыз лаңкестердің қатарына қосылып, жарылыстар ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы халықаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Діни ортада өте танымал Әбдіжаппаровқа қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінде айғақ жеткілікті. Ислам атын жамылған ол әсіресе, Атырау мен Ақтөбеде радикалды ағымды таратып, үлкен-кішіні тура жолдан тайдырған.  Сәләфит идеяларын кеңінен таратып жүрген Әбдіхалил Әбдіжаппаров төрт бірдей Қазақстан азаматымен бірге Медине қаласында ұсталған болатын.  Араб тәртіп сақшылары жерлестерімізге лаңкестердің сапына қосылмақ болғанын айтады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде