Павлодар облысында тонналап шие тиеген фура апатқа ұшырады
Павлодар облысында тонналап шие тиеген фура бетон плиталарға толы жүк көлігімен соқтысып қалды. Салдарынан трассаға төгілген қызыл жидек мұндағы қозғалысты бөгеп, жүргізушілерді біраз әбігерге түсірді.
Автор: Әйгерім Шакаманова
24.05.2016
Оқиға Павлодар-Астана тас жолында болған. Шие тиелген фураны тізгіндеген 30 жастағы азамат бетон плиталарын әкетіп бара жатқан алып жүк көліктеріне жол бермей, ережені бұзған. Ақыры бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан техника қақтығысып қалыпты. Зардап шекккендер жоқ. Тек жол бойына төгілген қызыл жидек көлік қозғалысына кедергі келтерген. Енді жүргізуші шашылған шиелердің ақысын ғана өтеп қоймай, ереже бұзғаны үшін айыппұл да төлеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!