Елімізде жерді саудалағандар сатқын деп танылуы мүмкін
Жерді шетелдіктерге саудаға салғандар сатқын деп танылсын! Елге танымал кәсіпкер жер кодексіне осындай өзгеріс енгізуді ұсынды.
Автор: Жәудір Оразхан
24.05.2016
Иван Сауэр, «Қазақстанның ет-сүт одағы қауымдастығының» басшысы:
-Шулаған жұртты басу үшін «жер шетелдіктерге сатылмайды» деу жеткіліксіз. Меніңше,заңға:«Шетел азаматына жер сату Отанын сатумен тең» деген бап енгізу керек.
Жерін шетелдіктерге сатқандар, «сатқын» деп танылып қоймай, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіргендіктен қылмыстық жауапқа да тартылуы тиіс. Осылай заңды мейлінше қатайтқанда ғана түрлі-алып қашпа әңгімелерге жол берілмейді дейді бизнесмен Сауэр. Десек те, бұл әзірше, ұсыныс қана. Астанада қайта қаралып жатқан атышулы кодексті талқылау кезінде, жерді қолынан іс келетіндерге ғана аукцион арқылы сату жайы да көтерілді. Басқосуда, сатқындықтан бөлек, Қазақстанмен шекараласатын мемлекеттерге мүлдем жер сатпау да ұсынылды. Бұндай талаптың шетел компанияларына да қатысы бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!