{metadescription}

Павлодарда қасақана от қоюды ұнататын бұзақы ұсталды

Павлодарда далалы және орманды жерлерге қасақана от қойған бұзақы ұсталды. 50 жастағы азаматтың ақыл-есі дұрыс емес екен.

Соңғы бір айда шаһар сыртындағы өрттердің үнемі түскі уақытта басталуына бастапқыда мән бермеген орманшылар, кейін аумақты жіті бақылауға алыпты. Осылайша сіріңке алып, жасыл желекті жағуға әрекеттенген ер адамды ұстаған. Бірақ ақыл-есінің кемістігі бірден байқалды дейді мамандар. Өйткені, ұсталған кезде егде жасына қарамай отпен ойнағанды ұнататын айтып алжыған. Бір айда 6 рет от қойып, 30 гектарға жуық аумақты күлге айналдырған бұзақының мәселесін ендігіде сот шешпек. 

Қырмызы Тәпенова, Павлодар облысы орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің маманы:

-Кінәсін толығымен мойындады. Айтқан сөздеріне қарағанда, оған өртке қараған ұнайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде