{metadescription}

Алматы облысында көзінен айрылған жігіт депутаттың ұлын жауапқа тартқыза алмай жүр

Депутаттың баласын  жауапқа тартқыза алмай жүр! Алматы облысында атыс шығарып, бір азаматты көзінен айырған шендінің ұлына қатысты іс 2 жылдан бері шешімін таппай келеді. Жәбірленуші тарап бұған Мәслихат депутаты болып істейтін әкесінің кедергі келтіріп жүргенін айтады. Ал, Серікбай Нұржановтың өзі ұлына тағылған айыпты негізсіз деп отыр.

Самғат Мақсатұлы бір көзінен Қапшағайдағы осы түнгі клубтың алдында айырылған. 2 жыл бұрын болған қырғында сол жақ жанарына оқ тиіпті. Содан бері дәрігер жағалап жүр. Бірақ, әдейі көздеп атылған оқты алу мүмкін болмаған екен. Өмір бойына мүгедек болып қалған ол төбелескен екеуді ажыратамын деп, опық жегенін айтады.

-Көздеп, бұрылып, көрді менің арттан келе жатқанымды. Бұрылды да артына қарап, мені атып түсірді ғой. Мен осы жерде құладым, дос балаларым келді. Жаңағы бала қашты бірден.

Қару кезенген Қапшағай қалалық Мәслихты депутатының ұлы екен. Травматикалық тапаншадан 4 рет оқ атыпты. Артынша, қашып кетіп, 2 жыл бойы халықаралық іздеуде жүріпті. Тек ай бұрын Айбек Нұржанов қайта оралған. Бірақ, түңгі клубтан шыққан атысқа қатысты іс әлі сотқа жіберілмей, созылып жатыр. Ал, күдіктінің өзі кепілмен бостандықта жүр.

Мақсат Қошмағамбетов, жәбірленушінің әкесі:

-Келерін келіп алды да, менің балама «сол кездері атып, өлтіріп кетсем болар еді» - дейді екен. Мен ешқандай ештеңе көріп отырған жоқпын. Не іс қозғалып жүріп те жатқан жоқ. Ешқандай әділеттілік көріп отырғам жоқ мен. Әкесі депутат болғаннан кейін, бұл қозғалтпай отыр ғой істі.

Бірақ депутаттың өзі мұның бәрін жоққа шығарды. Айтуынша, көзінен айрылған жәбірленушінің өзіне де, отбасына да қыруар жәрдем берген. Ал, Самғатқа оқты баласының атпағанына бірнеше дәлелдері бар екен.

Серікбай Нұржанов, Қапшағай қалалық Мәслихатының депутаты:

-Олар арызын ақша алу үшін жазады. Ақша алып болғасын, қайтадан қайтып алады. Сондай адамдар. Екі-үш рет жазған, «атты», «атқан жо»қ деп. 

Депутат тіпті оқтың бірі ұлына тигенін айтып отыр. Бірақ тергеуде бұл мәлімет айтылмады дейді. Ал облыстық ішкі істер департаментіндегілер шиеленіскен істің жақын арада прокуратураға, кейін сотқа жолданатынын мәлімдеді. Дегенмен, көзінен айырылған жігіт құрығы ұзын депутатты сотта жеңетініне сенбейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде