{metadescription}
Алматыда жантүршігерлік апаттың куәгері болған оқиғаны айтып берді
Алматыда жантүршігерлік апаттың куәгері болған оқиғаны айтып берді

Алматыда жантүршігерлік апаттың куәгері болған оқиғаны айтып берді

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты куәгерлерден жауап алу жалғасуда. Бүгінгі сотта екі адамды қағып өлтірген БМВ көлігінің жолаушысы жауап берді.

Еділ Ысқақов сол күні сотталушы Санат Жанатбековтың көлігінде болған. Бірақ куәгер апаттың нақты қалай болғанын айта алмады. Себебі түнгі кезекшіліктен шаршап шығып, көлік ішінде ұйықтап қалдым деп отыр. Тек соққыдан шошып оянып, жанталаса жанында отырған үшінші әріптесіне көмек көрсеткен. Алайда абдырап қалған полицейлер апаттан зардап шеккен өзге адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге асықпаған. Өйткені адам қағып кеткенімізді білмедік дейді. Көлікте болған үшінші жолаушы бүгінгі сотқа келген жоқ. Себебі Нұржан Нұралиев денсаулық жағдайына байланысты отырысқа қатыса алмайтынын айтып, жазбаша жауап берген екен. Естеріңізге салайық осыдан бір жарым ай бұрын Жангелдин көшесімен жүйіткіген БМВ көлігі бірнеше көлікті соғып барып, жол жиегінде тұрған екі адамды қағып өлтірген. Ауыр соққыдан марқұмдардың дене-мүшелері бөлшектеніп кеткен болатын. Қазір қайғы жұтқан отбасы өтемақыдан бас тартып, тек соттың әділ өтуін талап етуде.   

Еділ Ысқақов, куәгер:

-Мен ойлағам жоқ, адам қақтық екен деп. Санаттан сұрап едім: «Матиз алдымыздан атып шықты, соған ұрылдық» деді. Бір уақытта адамдар жиналып: «сендер адам өлтірдіңдер?» деп шулағанда өзіме сенбей, сасып қалдым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде