Шығыста Үлбі өзеніне қауіп төнді
Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің бір сағасы ластанды. Оған Риддердегі мырыш өндіретін комбинаттың қалдықтары құйылып, арнасын лайлап тастаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.05.2016
Енді сұр түске боялған судың Ертіске құйылып кету қауіпі бар. Кеше кешқұрым «Қазцинкке» қарасты су қоймасының деңгейі көтерілген екен. Одан аққан су отыз жыл бұрын істен шыққан коллекторға құйылып, металл қалдықтарын шайыпты. Осы су енді Үлбіге ағылып жатыр. Қазір кен шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатып, бар күш апатты ауыздықтауға жұмылдырған. Дегенмен, оларды прокурорлар өзеннің ластанғандығы туралы дер кезінде хабарламады деп айыптап отыр.
Бақытжан Ізтұрғанов, ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры :
-Қазір осы апатқа байланысты сотқа дейінгі тексеру басталып кетті. Одан бөлек бірнеше құзырлы мекемелердің өкілдерінен арнайы комиссия құрылды. Олар апаттың қаншалықты қауіпті екенін анықтайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!