{metadescription}

Әйгілі Кристин Лагард Қазақстан экономикасы жайлы пікір білдірді

Халықаралық валюта қоры Қазақстанның қаржы жүйесін реформалауға көмектеспек! Бүгін ұйымның басқарушы директоры Астанаға келді. Әлемдік саясаттағы ықпалды тұлғалардың бірі Кристин Лагард  алдымен Ақордаға барды. Қаржыгермен жұмыс кабинетінде еркін сөйлескен президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ахуалды талқылады. Елбасы мұнай мен газға бағаның арзандауына қарамастан экономиканы әлсіретпей ұстап отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Экономиканың төмендеуіне жол бермедік. Сол  осы кезге дейінгі қарқындасақтап қалуға тырыстық. Энергоресурсқа тәуелді емес, экономика құруды қолға алып жатырмыз.   

Әлемнің тең жартысына несие таратып, көптеген елдердің экономикасын дағдарыстан құтқарып отырған қаржы ұйымына көбі тәуелді. Бірақ, ақшаны тегін ұстата қоймайтыны тағы бар. Оның өсімінен бөлек, қаржының тезірек қайтуы үшін қояр талаптары да қатал. Яғни жәрдемақының көлемі мен  зейнетақының мөлшеріне дейін араласып, өздерінің экономикалық саясатын тықпалайтыны жасырын емес. Қолға алған жобаларынан геосаяси ойындардың лебі сезілгенімен, Еуропаның озық тәжірбиесімен біраз мемлекет санасуға мәжбүр. Қазақстан да салық туралы жаңа заңды осы ұйымдағылардың кеңесіне жүгініп жазуда. Ал, Кристин Лагард  біздің Үкіметке қаржы-несие, салық-бюджет саясатын жақсартуға кеңес берді. Алайда, әйгілі қаржыгер Қазақстанның Халықаралық валюта қорынан қанша ақша алғанын айшып айтқан жоқ. Тек бастамаларды қолдайтынын айтты.

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының директоры:

-Мені таң қалдырғаны, Қазақстан 25 жылдың ішінде табиғи ресурстарды халықтың пайдасы үшін тиімді қолдана білген. Ұлттық қор құру да орынды. Ол кез-келген қиын-қыстау кезінен  алып шығады. . Бірақ, биыл өсім 0,1 пайыз ғана болады деп күтілуде. Экономика келесі жылы ғана жақсаруы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде