Қуғын сүргін құрбандарына арналған ерекше түсірілім көрсетілмек
«Халықты біріктірген бір тағдыр»! Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай біздің арнада жаңа премьера. Тарихымыздың ақтаңдақ беттерінің бірі, сталиндік зұлмат жылдарынан көрініс беретін бейнеролик Тұңғыш президент қорының тапсырысымен түсірілген.
Автор: Саят Сабдалы
25.05.2016
Қазақстан да Сібір мен Қиыр Шығыстағыдай ГУЛАГ түрмелерінің жүйесіне енгені тарихтан белгілі. Мыңдаған әйел затының тағдырына балта шапқан АЛЖИР –халық жауларының әйелдері қамалған тозақ еді. Қысқаметражды фильм темір тордағы қорлық пен қиын қыстау кезеңдегі әйел затының ерен ерлігі жайлы. Онда Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин сияқты елі үшін еңіреген жандардың әйелдері де тұрған. Қамалғандардың көбі тәртіп бұзды деген желеумен оққа ұшты. Осы фильмде қорлық көрсе де, үмітін үзбей, сенімін жоғалтпаған аналарға дархан қазақтың қол ұшын бергені де экрандалды. Ешкімнің ұмытуға хақысы жоқ жылдар жайлы түсірілген 5-ші қысқаметражды фильмді әрі қарай толық көре аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!