{metadescription}

Алматыда алапат өрт ірі дәмхананы күлге айналдырды

Алматыда алапат өрт тағы бір ірі дәмхананың күлін қалдырды. Түнде басталған тілсіз жауды 80 адам тең таң ата әзер өшірген.

Өрт ошағына 9 қабатты үйдің жақын орналасуына байланысты 40 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жалпы қызыл жалын 1200 шаршы метр аумаққа таралып үлгеріпті. Арагоста дәмханасынан өзге осы кешендегі ақша айырбастау орны да түгел өртеніп кеткен. Қожайындардың айтуынша, қолма-қол ақшаны арнайы сейфке салып үлгермей, барлығы күлге айналған. Келген шығын көлемі қыруар екені сөзсіз. Ал дәмхана әкімшісі өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шықты дегенге сенбей отыр.

Майра Кісенбаева, дәмхана әкімшісі:

-Жұмыс күні аяқталған соң залдардағы жарық сөндіріледі, ол толығымен электр қуатынан ажыратылады. Сондықтан өрттің сымдардың шығуы мүмкін емес. Түтіннің шыққанын байқаған күзетші өрттің шатырдың сыртында болғанын айтады. Сондықтан бұл қасақана жасалған әрекет болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде