Назарбаев жұмыс кабинетіне Бас прокурорды шақыртты
Елдегі құқықтық ахуалды бүгін Бас прокурор президентке баяндап берді. Жаңа лауазымда қызметке кіріскеніне бүгін тура бір ай толған Жақып Асанов Бас прокурор мансабында Ақордаға бірінші келіп отыр. Кездесуге де тыңғылықты әзірленіпті. Әкелген маңызды құжаттарындағы деректерге көз салмастан есебін жатқа соқты. Елбасы Асановқа халық үшін өзекті мәселелерді шешу аясында азаматтардың құқықтарын сақтау мен заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді мықтап тапсырды. Сондай-ақ, прокуратураның жұмысын жақсартуға қатысты бірнеше міндеттер жүктеді.
Автор: Ербол Сейілхан
25.05.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары