Астанада әйгілі экономистер дағдарыстан шығудың жолын іздеуде
Әлемді дағдарыстан құтқарудың жолы Астанада айтылмақ. Елордаға Нобель сыйлығының лауреаттары, әйгілі экономистер мен бизнесмендер жиналып, өзекті тақырыптарды талқыға салуда. Бүгін мұнда дәстүрлі «Астана экономикалық форумы» басталды.
Автор: Ербол Сейілхан
25.05.2016
Әлемнің жүздеген мемлекетінен келген атағы дардай делегаттар жаһандық экономиканың аяқ-алысына қатысты өз болжамдарымен бөлісіп жатыр. Геосаясаттағы келіспеушілік алыс-беріске де кесірін тигізіп жатқаны жасырын емес. Бүгін шетелдік меймандар мұнай бағасы мен Қазақстанға инвестиция тартудың тиімділігі туралы ой бөлісті. Ертең форумға президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ауқымды баяндама жасайды деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!