{metadescription}

Жаңаөзенде мардымсыз жалақыдан шаршаған жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды

Жаңаөзен қаласында тағы жан-жал! Бұл жолы жалақысын даулаған жедел жәрдем қызметкерлері наразылық білдіруде. Күндіз-түні науқастарға көмек көрсететін мамандар еңбек шарты мен айлықтың дұрыс төленбейтініне ашулы. Бюджет қызметкерлеріне берілуі тиіс үстеме ақыны да мүлде алмаймыз дейді олар. Керісінше бұзылған көліктерді өздері жөндеп, қосалқы бөлшектерін өз қалталарынан ақша шығарып алады екен. Олай болмаған жағдайда жұмыстан қуылады.

Жұртқа жәрдем беруге асығатын Жаңаөзендік жедел жәрдем қызметкерлерінің өзі қазір көмекке мұқтаж. Науқастарға бірінші болып жететін олар талай табалдырықты тоздырып, мәселелерін шеше алмай жүр. Өйткені, мөлшерсіз жұмыс істеп, мардымсыз ақы аламыз деп ашынады. Тіпті бюджеттік мекеме қызметкерлеріне берілетін үстеме ақы да төленбейді екен.  

Нұртай Шілжанов, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

-2016 көтерілді дейді жалақы.. Көтерілген дым жоқ, керісінше  азайып кетті ақша. Кредитімізге жетпейді төлеуге.

Айлығы шайлығынан артылмайтын жүргізушілер қосалқы бөлшектерге де қаржы қарастырылмайды дейді. Сондықтан бұзылған көліктерді өз ақшаларына жасатуға мәжбүр. Ал қалалық жедел жәрдем станциясына күніне 200 ден астам қоңырау келіп түседі екен. Оның бәріне үлгеру үшін темір тұлпарлар тұрып қалмауы тиіс. 

Мұрат Белбаев, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі :

-Дұрыс төленбейді, түнде жұмыс істегеніңді кесіп тастады. 50 пайызға кесілді. Сосын құрал-сайман келмейді. Өзімізге  сатып алуға тура келеді.. Бастық солай талап етеді. Болмаса жұмыстан кетіңдер дейді.

Қазір қалалық жедел жәрдем қызметінде 25 автокөлік бар. Алайда соның тек 12-і жүруге жарамды. Қалғандары қаржының жоқтығынан қаңырап тұр. Сондықтан ашынған қызметкерлер басшының бар былығын айтып облыстық денсаулық сақтау департаменті мен прокуратураға шағымданған. Осыдан кейін директор дереу жұмыстан босатылыпты. Ал жаңа басшы бар мәселе біртіндеп шешіледі деп сендіріп отыр.

Саламат Бекназаров, Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем станциясы  директорының міндетін атқарушы:

-Мемлекеттік сатып алуға пәлен зат керек деп салсаң бірқатары шықпай қалады, бірқатары кейінге шегеріледі. Сондықтан уақытында біз сатып ала алмай жатырмыз. Сол жөнінде ұжымдағы жүргізушілердің сұрақтары болып жатыр. 

Осы шудан кейін де қалалық жедел жәрдем қызметін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Құрамына арнайы мамандардан бөлек есепшілер де кіретін топ былыққа батқан мекемедегі қаржылық құжаттар мен басқа да мәселелерді май шаммен қарамақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде