{metadescription}
Шығыс Қазақстанда Үлбі өзеніне экологиялық қауіп төнді
Шығыс Қазақстанда Үлбі өзеніне экологиялық қауіп төнді

Шығыс Қазақстанда Үлбі өзеніне экологиялық қауіп төнді

Шығыс Қазақстан облысындағы ластанған Үлбі өзенінің суы енді Ертіске құйылып жатыр. Бұл экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін. Қазірдің өзінде сұр түске боялған өзен маңындағы елді-мекендерді қолқаны қабатын улы иіс жайлаған. Бірнеше күннен  бері Үлбіге «Қазцинк» коллекторынан қалдықтар ағуда.

Любовь Мацак, Тишинка ауылының тұрғыны:

-Біз бетперде киіп жүруге мәжбүрміз. Өйткені, тыныс алу мүмкін емес. Неге  сасып жатқаны тағы белгісіз. Суға қарасақ цемент қалдықтары немесе мазут қосылып аққан секілді.

Ал сыртқа бетпердесіз шықса тамақтары қарылып, көздері жасаурайтын болған. Тіпті естерінен танып қала жаздайды екен. Төтенше жағдайлар департаменті уақытша Үлбі өзенінде шомылуға, суын шаруашылық мақсатта қолданбауға және мал суғармауға кеңес берді. Ауылдықтар олардың ескертуінсіз-ақ төрт-түліктерін он шақты шақырым жердегі жайылымға апарып тастаған. Ал қол қусырып отырған жергілікті билікке өкпелері қара қазандай. Риддердегі мырыш өндіретін комбинаттың қалдықтары құйылғанын білсе де, тексеріс жүргізуге келген бір маманды көрмедік дейді ауылдықтар. Ал «Қазцинк» апаттың салдарын жоямын дегенше лай су Ертіске де жеткен.

Николай Масанин, сарапшы маман:

-Бұған бірінші дұрыстап сараптама жүргізу керек. Сонда бәрі анықталады. Одан кейін қоршаған ортаны ластаған тұлғаны қатаң жазалау қажет. Мысалға, лицензиясынан айырған дұрыс. Онсыз да балық аз еді, енді ол да қырылып қалатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде