Павлодарлық шаруа асыл тұқымды сиыр етін сатуды қолға алды
Павлодарлық шаруа Ресей мен Қытай нарығына асыл тұқымды сиыр етін сатуды қолға алмақ. Осыдан алты жыл бұрын 20 сиыр ұстаған Қайрат Әбішевтің бүгінде мыңға жуық ірі қара бағып отырған жайы бар. Ал 14 мың гектар жеріне шаруа қазір мал азығы мен көкөніс егеді. Екі жыл бұрын Керекуге канадалық асыл тұқымды ірі қараны жеткізген ол, ендігіде мәрмәр етін экспорттамақ ойда.
26.05.2016
Павлодар аудананың шаруалары 14 мың гектар жерге ас бұршақ, жүгері, жем-шөппен қатар картоп та егеді. Бүгінде қожалық елуге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Қайрат Әбішев, шаруа қожалық басшысы:
-Картоп 80 гектар, тағы 280 гектар мына арпа бар. Көктемде және күзде где то 40-45 адам істейді картопта да, арпада да.
Мал шаруашылығын дамытуды қолға алған кәсіпкер картоптың голландиялық, германиялық сұрыптарын егеді. Екі жыл бұрын шетелден Зеңгі баба төлінің асыл тұқымын 240 млн теңгеге сатып алған кәсіпкер мал шаруашылығын да дөңгелетіп отыр.
-Алты жыл бұрын құрылған қожалықта бүгінде жұмыс қыза түскен. Бастапқыда 20 бас мал алған шаруаның қазірде мыңға жуық ірі қара бағып отырған жайы бар. Керекуге асыл тұқымды канадалық сиырларды жеткізген ол ендігіде мәрмәр етін өндіруді қолға алмақ.
Тақыр жерден табыс тапқан шаруаның қызу талқыға түскен жер мәселесіне қатысты өз пікірі бар. Билік пен халық арасына іріткі салу – еңбексіз бос сенделгендердің ісі дейді ол.
Қайрат Әбішев, шаруа қожалық басшысы:
-Ыстық жерде қазір мұнда арпа егеміз. Менің ойым митингке баратын кісілер мұнда қаланың адамдары. Мына жерге қатыспайтындар. Менің ойымша бұл дұрыс емес.
Жергілікті дәмханаларға мәрмәр етін ұсынған кәсіпкер өнімді экспорттауды жоспарлап қойған. Алдағы жылы Ресей мен Қытай нарығына шығармақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!