{metadescription}

Оралда тұрғындар құм карьерінің жұмысын тоқтатуды талап етті

Орал іргесіндегі саяжай тұрғындары құм карьерін өндірушілердің жұмысын тоқтатамыз деп ескерту жасады! Жұрттың бұлай ызалануына басты себеп – көлік түгілі, жаяу адам жүруге келмейтін жол мәселесі. Әрі-бері жүретін жүк көліктері саяжайға апаратын көшенің түгін қалдырмапты. Ал, мұнда қатынаудан қоғамдық көліктер түбегейлі бас тартқан.

«Восток» және «Жайық» деп аталатын саяжай тұрғындарының бақшаларына жетуі қиын. Жол мәселесі мұнда құм карьерін өндіру ісі басталып, жүк тиелген көлік көбейгеннен кейін басталған. Санаулы күн ішінде қара жолдың түгін қалдырмапты. Тіпті, қазір әбден тозығы жеткен көшемен сол жүк машиналарының өздері де әрең өтетін жағдайға жеткен.

Николай Мирошниченко, саяжай тұрғыны:

- Міне, осы жолмен жүремін деп машинамның бамперін түгелдей сындырып алдым. Енді жөндету үшін 50 мың қажет. Маған бұл ақшаны кім беерді?! Сақтандыру компаниясының да, мына құм өндіретін компанияның төлемесі анық.

Жолдың бір бөлігі топырақ төсеп жасалған бөгет арқылы өтеді. Биыл оны су шайып, жаяу жүргіншілер лай кешуге мәжбүр болған. Сондықтан, наразы халық ауыр жүктерімен саяжайларына дейін біренеше шақырымды жаяу жүріп өтеді. Ал, су шайған бөгеттің иесі жоқ. Тіпті, коммуналдық меншікке де жатпайтын болып шықты. Сондықтан, оны жөндейтін тірі жан жоқ. Ал, шұрық-тесік жолды жөндеу, әдеттегідей, ауа-райына байланысты екен.

Ақболат Айтқалиев, жер қойнауын пайдалану компаниясының аумақтық бақылаушысы:

-Біз үлгермей жатырмыз. Жолды жақында тегістедік. Тағы жаңбыр жауып, су шайып жатыр. Қанша күн бойы арпалысып жатырмыз. Бірақ, бүгін кешке қарай асфальтқа дейінгі жолды жөнге келтіреміз. Бұған дейін, уақыт тапшы болды.

Тозығы жеткен жол тез арада жөнделмесе енді ауыр жүк тиеген көліктер бұл жермен жүре алмайды. Осындай талап қойған саяжайлықтар жолды жауып тастауға дайын отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде