Семейде қолдан арақ жасаған цех анықталды
Семейде арақ-шарап өнімдерін жасайтын астыртын цех әшкерленді. 35 жастағы тұрғын қаланың қақ ортасындағы жер үйінде жұртты арзан ішімдекпен алты ай қарық қылыпты. Нарықтағы құны 1500 теңге тұратын арақ пен коньякті, бар болғаны 500 теңгеден саудалап келген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
26.05.2016
Пайдаға құныққан жігіт санитарлық талаптарды да пысқырмаған. Көшеден жинаған шөлмектерді шала тазартып, спирт аралас сумен толтыра беріпті. Ал, коньяк шығару үшін түрлі- түсті бояулар қолданған. Цехты тексеру кезінде жалған атау жамылған 2 мың данадан артық арақ-шарап өнімдері тәркіленді. Сонымен бірге, 10 мың акцизді маркалар мен қақпақтар табылған. Сол маңдағы дүкендерден осы астыртын цехтан шыққан мыңға жуық шөлмек айналымнан алынды.
Ермұрат Иксанов, ШҚО Мемлекеттік кіріс департаментінің тергеушісі:
-Цехтың қожайыны бұрын да дәл осындай әрекеті үшін істі болған. Бүгінде тағы қайталап отыр. Қазір қылмыстық іс қозғалып, арақ-шарапты өткізген орындарын іздестіріп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!