{metadescription}
Шығыс Қазақстанда ластанған Үлбі өзеніне топырақ төгіліп жатыр
Шығыс Қазақстанда ластанған Үлбі өзеніне топырақ төгіліп жатыр

Шығыс Қазақстанда ластанған Үлбі өзеніне топырақ төгіліп жатыр

Үлбіден қауіп сейілді. Шығыс Қазақстандағы мырыш комбинатының қалдықтарымен ластанған өзенді «КазЦинк» компаниясы қауырт тазартып жатыр.

Үлбіге қарай бет алған лас судың ағысын тоқтату үшін 10 мың текше метр топырақ төгіліпті. Қазір сұр түске боялған ағын судың түбі көрініп жатыр. Жалпы, апатқа ескі коллектордың бұзылуы себеп болыпты. Қазір ластанған Үлбі және Филипповка өзендерінің суы қалыпқа келе бастаған. Жағдайды бақылауда ұстау үшін «КазЦинк» компаниясының мамандары төбеден тікұшақпен аралап жүр. Лай судан айтарлықтай қауіп жоқ дейді олар. Өйткені, мышьяк сынды улы заттар өзенге құйылғагн жоқ деп сендіріп отыр.

Қазтай Тәкеев, «КазЦинк» компаниясының бас экологы:

-Өзенге қанша көлемде лас судың құйылғанын арнайы мамандар анықтап жатыр. Оның нәтижелері бірер күндікте белгілі болады. Әзірге білетініміз, өзен Өскемен қаласына дейін тазартылып болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде