{metadescription}

Жағымсыз иіске тұншыққан ақтөбеліктер шу шығарды

Ақтөбе жұрты күлімсі иіске тұншығып отыр. Ауадағы күкірт сутегінің көлемі мұнда мөлшерден 20 есеге артып кетіпті. Жергілікті билік оның қайдан шығып жатқанын әлі күнге дейін нақты білмейді. Ал экологтар болса зерттеу жұмыстарының жөнді жүргізілмегінен көріп отыр. Сондай-ақ қала тазалығына атқамінерлер бас қатырмайды деп налиды. Қазір Ақтөбе еліміздегі ең лас қалалардың үштігіне кірген.

Ақтөбе қаласы тазалық жағынан жылдан жылға кері кетіп барады. Мұны шаһардың экологиялық ахуалын қадағалаған сарапшылар растап отыр.  Сондықтан еліміздегі ең лас қалалардың үштігіне қосқан. Бұл рейтингке көш бастап тұрған Талдықорған мен Түркістан тұрғындары күмән келтірсе, ақтөбеліктер керсінше қолдап отыр. Өйткені күлімсі иіс мазаны қашырған. 

Кеніш Жәкежанқызы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Форточканы ашып қоя алмаймыз. Қатты сасық иіс шығып кетеді. Канализация ма, басқа бір білмеймін.

Бұлай еркін тыныстай алмаудың себебі күкірт сутегінде екен. Соңғы уақытта ауадағы бұл газ мөлшерден 20 есеге артып кеткен.

Жасұлан Жәметов, «Қазгидромет» РММ зертхана меңгерушісі:
-Жоғарғы ластану күкіртті сутектен 15 дерек байқалды. Оның ең жоғары ластану көрсеткіші 29,4. Ол тиісті нормадан 19 есеге, 20 есеге артық.

Ғалымдар қаланың ластануына атүсті қарап отырған шенеуніктерді кінәлайды. Өйткені, орталықтағы саябақтарды жоқ қылып, құрылысқа беріп қойған. Онымен қоймай, қала шетінен тұз өндіретін зауыт ашылса Ақтөбені сасық иіспен қоса енді көк шаң басып қалатын түрі бар.

Арыстан Мамырбаев, академик:

-Экология нашар. Ауасымен қоса қазір су мен топырағы да уланған. Ал калий тұзын өндіретін болса ол кезде халықтың денсаулығы құриды.

Қала басшылары тазалыққа қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр. Олар экологияға аса бас қатырғысы келмейтін сияқты. Ақтөбенің әкімі Ербол Сағын сол үшін жақында сөгіс те алған еді. Сол кезде ол санитарлық жағдайда дереу қолға аламын деп уәсін берді. Дегенмен сасық иіске тұншығып отырған жұрт биліктегілердің онысына сенуден қалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде