{metadescription}

Елімізде тағы бір шекаралық бақылау бекеті пайда болды

Заманауи құрылғылармен жабдықталып, жаңадан бой көтерген нысан «Таулы қырат» деп аталады.

Алайда бұл орталықтың ешқандай да стратегиялық маңызы жоқ. Себебі ол курсанттарды даярлау үшін салынған оқу-жаттығу орталығы ретінде қолданылмақ. Сондықтан Алматыдағы Шекара академиясының шәкірттері енді дәл осы жерде шеберліктерін шыңдап, заңсыз есірткі тасымалы мен шекара бұзушыларды қалай анықтауға болатынын іс жүзінде оқып үйрене алады. Құрылысы бір жыл бұрын басталған нысан халықаралық терроризм, заңсыз есірткі тасымалы мен өзге де қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін АҚШ үкіметінің қолдауымен салынған екен. Оқу орталығын бастан аяқ бітіруге 1 миллион 200 мың доллар жұмсалған.

Дархан Ділманов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры:

-Бұл орталық мемлекеттік шекаралардағы өткізу бекеттерінің дәл көшірмесі деуге болады. Мұнда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерді тексеруге арналған қажетті құрал-жабдықтардың бәрі бар. Осының арқасында курсанттарды тыңғылықты дайындай аламыз

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде