{metadescription}

Елімізде құлағы ауыр еститін азаматтар үкіметтен көмек сұрады

Елімізде құлағы естімей, кохлеарлық имплантация жасатқан азаматтар мемлекеттің көмегіне зәру! Бұған күрделі отадан кейін салынған құрылғыны ауыстыру құнының тым қымбаттығы себеп. Сөйлеу процессорын жаңарту үшін әр науқасқа 15 мың доллардан қажет.

Құлағы мүлдем естімейтін мүгедектерге ота жасалып, олар сөйлеу процессоры арқылы дыбысты қабылдайды. Бұдан кейін дәрігерлер науқасты қалыпты естуге және сөйлеуге жаттықтырады. Ал құрылғыны әрбір 5 жыл сайын ауыстырып отыру қажет екен. Әрі оған баптау жұмыстарын жүргізіп, бақылап отырған жөн. Мұндай қызметтер балаларға мемлекеттік бағдарламамен тегін жасалады. Тек, үлкендерге ешбір жеңілдік қарастырылмапты. Білікті мамандар да саусақпен санарлық. Олардың санын арттыру үшін ресейлік дәрігерлер 3 күннен бері алматылықтарға арнайы сабақ өткізіп жатыр. Елімізде алғаш рет кохлеарлық имплантацияның жүзеге асуына дәл осы мамандар атсалысқан екен.

Виген Бахшинян, аудиолог: (Ресей)

- Сөйлеу процессоры уақыт өте келе тоза бастайды. Құрылғы иесінің дыбысты естуі қиындап кетеді. Сондықтан оны уақытылы ауыстырып отырған дұрыс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде