Жерорта теңізінде мигранттар мінген кеме тағы апатқа ұшырады
Елін тастап қашқандарды тағы да Жерорта теңізі жұтты. Африкадан жайлы тұрмыс пен жұмыс іздеп шыққандардың кемелері кезекті рет апатқа ұшырап, ондаған адам суға кетіп өлсе, 100-ден аса босқын із-түссіз жоғалған. Олар да қаза тапқан болуы мүмкін.
Автор: Аруна Ортай
27.05.2016
Көз жұмғандардың денелерін құтқарушылар теңіз түбінен әрі кеменің жүк салғышынан тауып алып жатыр. Сөйтсе, тасымалдаушылар жалаңаяқ жұмыссыздарды жол бойы сонда ұстаған екен. Ал кеме суға кеткенде дер кезінде шыға алмай қалған. Туған жерін тастап, Италияға табыс табуға шыққан мыңдаған африкалық мигрант осылай жылда діттеген жеріне жете алмай көбіне теңізде қаза табады. Бұл жолы теңіз сақшылары бортта болған 700 адамды құтқарды. Статистика бойынша, батып кету қаупіне қарамастан, Еуропаға жыл басынан 191 мың мигрант су арқылы нәпақа іздеп шыққан екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!