{metadescription}

Теңізге құлаған ұшақтың қара жәшігі табылмай жатыр

Ал теңізге құлаған «EgyptAir» әуе компаниясының ұшағында болған қара жәшіктер жақын арада іздестірілмек. Бұл жұмыс Жерорта теңізіндегі апат орнына франциялық «Laplace» гидрографиялық кемесі жеткен соң басталады.

Мысырлық Александрия портынан 180 миль қашықтықта орналасқан жерге сондай-ақ тағы бір арнайы кеме жөнелтілмек. Ол 3 шақырым тереңдікте жұмыс жүргізе алатын роботымен ерекшеленеді. Теңізге құлаған ұшақтың бортында 12 елдің азаматтары болған еді. 66 жолаушымен Парижден көкке көтеріліп, Каирге бет алған әуе кемесі 20-шы минутта радардан жоғалып кеткен. Қазір апатқа қатысты түрлі болжамдар айтылуда. Көбі мұны лаңкестік әрекет дегенімен, ұшақтың аспанда жарылғанын көрсететін айғақтар болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде