Жолаушылар ұшағынан өрт шықты
Жапония астанасында дәл осы тұста жолаушылар ұшағынан өрт шықты. Korean Air компаниясына тиесілі әуе кемесі көкке енді көтеріле бергенде сол жақ қозғалтқышынан от тұтанған.
Автор: Аруна Ортай
27.05.2016
Осылай өртене бастаған әуе кемесі, Құдай сақтап, дер кезінде тоқтап үлгерді. Экипажды қоса есептегенде, ішінде 319 жолаушысы болған «Боинг» Токиодан Сеулге қарай ұшпақ болған. Бірақ әуеге көтеріле бергені сол еді, сол жақ қозғалтқышы аяқасты істен шығып, артынша лапылдай жөнелген. Апат салдарынан 7 адам қатты жарақаттанып, 30 шақты кісі түтінге тұншықты. Ал күнделікті 550 ұшақ кіріп-шығатын Ханэда әуежайы рейстердің бәрін тоқтатып тастады. Оқиға орнын тінтіп шыққан полицейлер «лаңкестік әрекет болуы мүмкін» деген болжамды жоққа шығарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!