{metadescription}

«Үлкен жетілік» Ресейге санкцияны күшейтпек

Жапонияда «Үлкен жетіліктің» саммиті жалғасуда. Жиында әлемдік экономикадан бастап саясатқа дейінгі түрлі мәселе талқыланып жатыр. 

Яғни, G7 елдері басқосудың алғашқы күнінде-ақ жаһандық дағдарыстың енді қайталанбауына мән берді. Украина мен Сириядағы күрмеуі қиын жағдайлар да басты назарда. Жетіліктің көшбасшылары сириялық жанжал тараптарын татуласуға шақырып отыр. Ал Донбастағы шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге ұсыныс жасалды. Бұған қоса, сепаратистердің бақылауындағы шығыс Украина аймақтарында тез арада сайлау өткізу қажет екен. «Үлкен жетілік» Қырым мәселесіне байланысты Ресейге қарсы санкцияны ұзартуға уағдаласты. Саммитте Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу мәселесі де айтылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде