{metadescription}

Алматыда жұрт жарыққа төлеген ақшаның қолды болғанын айтып шу шығарды

Бір жарым миллионның кесірінен мың жарым үй жарықсыз отыр. Алматыда 20-дан астам бау-бақша қоғамының басшылары жарық компаниясымен жыл бойы есептесе алмай келеді. Олар бар айыпты бәрінің үстінен қарайтын ортақ басшысына аударуда. Айтуларынша, жарыққа деп төлеген қаражатты сол жымқырған көрінеді. Ал төраға болса бұл дауға керісінше жарықтың ақысын төлемей, миллиондап қарызға батқан тұрғындардың өздерін айыптап отыр.

Тастыбұлақ ықшамауданындағы мың жарым шаңырақ былтырдан бері жарыққа жарымай жүр. Олар ірілі-ұсақты 23 бау-бақша қоғамы боп топтасып, одан ортақ қауымдастық құрып, төраға сайлаған. Ақшаны жарық компаниясына төлемей, жеп қойған да сол дейді қоғамы өкілдері.

Зарқынбек Мұхамедрахым, бау-бақша қоғамының төрағасы:

-Электр жарығын бізден өшіріп тастады. Соның себебін айтпайды ешқандай. Ақшаны уақытында төлеген, бәрінің қолында квитанциялары бар. Ал бірақ ол РЭС-ке  ақпан айына ғана есептескен.

Бұлар төрағаны айыптап заң органдарына шағымданған екен. Бірақ олар бұл істен қылмыс құрамын таппапты. Өйткені бірқатар тұрғындар қарызға батып, бүкіл ықшамауданды жарықсыз қалдырып отыр екен. Қауымдастық төрағасы да ақшаны жымқырған жоқпын деп ант-су ішті. 

Анатолий Чехович, Бау-бақша серіктестіктері қауымдастығының төрағасы:

-Ешқандай ақша ұрлаған жоқпын. Бірқатар тұрғындар жарық ақысын төлемей, қарыз содан көбейіп отыр. Бір ғана «Ақсай» бау-бақша қоғамы 700 мың теңге қарыз болған. Онысы бүгінге дейін 900 мыңға өсіп кетті. Тариф құны да қайта-қайта өзгеріп, қарыз соның есебінен де біраз ұлғайған.

Жалпы тұрғындардың жарық компаниясының алдындағы қарызы 3 миллион теңгеден де асып кеткен екен. Бірақ жуырда ғана жартысын өтепті. Олардың ендігі арманы әр бау-бақша қоғамы электр желісіне жеке-жеке қосылсақ дейді. Оны компания тарапы да құдайшылығын айтып, қолдап отыр.

Владимир Назаров, «Алматыэнергосбыт» ЖШС электр жеткізу департаментінің директоры :

-Тұрғындармен келісімге келуге әзірміз. Электр желісіне әр бау-бақша қоғамы жеке қосылса болады. Тек ол үшін техникалық негіздемесін дайындау керек. Олардың былтырғы шілдеден бері төленбей келе жатқан 1 600 000 теңге қарызы бар. Оны бөліп төлетуге де келісеміз.

Сөйтіп, бір жарым миллионнан аса ақшаны қалайда төлеу керек. Ал бұл қарызға осы мамыр айының ақысын қосатын болса, тағы да 3 миллионнан асып кетейін деп тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде