Алматы әкімі тарифті өсірмеудің жолын тапты
Алматыда жолақы мен жылу құны жақын арада көтерілмейді. Бұл жайында бүгін қала әкімдігінде өткен жиын барысында Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Автор: Олжас Байжан
27.05.2016
Тасымалдаушылар қоғамдық көліктерді реттеп, оны дамыту үшін қазір алынып жатқан 80 теңгенің аздық ететіндігін жеткізген болатын. Бірақ соған қарамастан осы тариф өзгертілмейтін болды. Ал жағдайды жақсарту үшін жекеменшік компанияларды іске қосып, инвестиция тартылмақ. Сондай-ақ, «Алматы жылу жүйесі» компаниясының басшылығы биыл кезекті рет жылу және ыстық су бағасын көтеруді жоспарлаған еді. Бірақ олар да өз өтінішін кері қайтарып алған.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
- Бағаны бірқалыпты ұстап тұру туралы ойымызды тиісті мекемелер қолдап отыр. Мәселен, жылу таратумен айналысатын компания бұрынғы тарифтың сақталатынын жеткізді. Бұл бірінші кезекте халықтың игілігі үшін жасалып отыр. Бізге жұрттың тұрақты әлеуметтік жағдайы маңызды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!