{metadescription}

Ақтөбе мен Оралда бас көтерген маса балаларды естен тандырып жатыр

Ақтөбеде маса шаққан балалар жаппай аллергияға шалдығып жатыр. Айналдырған бір аптаның ішінде дәрігерлерге жүзден аса бүлдіршін қаралған. Олардың беті-қолы ісініп, тыныс алуы қиындайды екен. Мамандар бұрын-соңды мұндай құбылысты кездестірмегендерін айтуда. Қазір балаларға қауіп төндірген ұсақ жәндікті қала бойынша улап жатыр.

4 жастағы Нұрислам ойнап жүрген жерінен аяғын баса алмай қалған. Буыны күп болып ісіп, тыныс алуы да қиындапты. Анасы алғашқыда ұлы жарақат алған болар деп бірден дәрігерлерге хабарласқан.

Алтын Дарханова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Аяғындағы ісікті көріп шошып кеттім. Шығып кеткен шығар деп ауруханаға дереу жеткіздім. Дәрігерлер маса шаққан деп отыр. Дәрі беріп, бетін бері қаратты.

Бір аптаның ішінде маса шаққан жүзден аса бала дәрігерге қаралған. Ұсақ жәндіктің кесірінен барлығының аллергиясы асқыныпты. Бірақ оларды ауруханаға жатқызып жатқан жоқ.

Жанар Әлниязова, Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Күніне маса шаққан жиырма шақты баланы әкеледі. Олардың ісігін қайтарып, дәрі береміз. Маса шақса бірден су қосылған спиртпен сүртіп, аллергияны басатын дәрі беру керек.

Бұл жәндік Орал тұрғындарының да мазасын қашырып жатыр. Ондағылар қазір маса шаққанда пайдаланатын жақпа майлар мен дәрілерді іздеп таба алмай жүр. Өйткені жұрт дәріханалардан талап алып кетіпті. Қазір Ақтөбеде масаны улап жатыр. Дегенмен мамандар ұсақ жәндіктердің химиялық қоспаларға төзімді болып алғанын айтады. Сондықтан жұмыстары қиындаған.      

Тимур Жақсымұратов, дезинфектор:

-Алдыңғы жылға қарағанда осы жылы көп маса. Күн ысығаннан басталды. Қыркүйектің аяғына дейін  енді тыным болмайды. Масамен күресеміз.

Дәрігерлер маса шақса мән бермей жүре беруге болмайтынын айтады. Жұрттың көбі қызарған жерді қасып, аллергияны одан сайын қоздырып алады екен. Әсіресе, кешке жатарда балалардың денесін тексеріп, маса шаққан ізді бірден  спиртен сүрту керектігін ұмытпау керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде