{metadescription}

Сот залынан босатылған Қарағанды облысының лауазымды полицейі ақыры түрмеге қамалды

Алаяқтық үшін 5 жылға шартты түрде сотталған Қарағанды облысы әкімшілік полиция бастығының бұрынғы орынбасары түрмеге қамалды. Апелляциялық шағым түсірген прокурорлар Ерғабыл Жүкеновты 5 жылға абақтыға жібертті. Онымен қоса, экс-полицейге қарамағаныдағыларды қорқытып жинаған соманың  50 есе өтемі болатын 659 млн теңге айыппұл салынды.

Ерғабыл Жүкенов  жол полициясының 11 қызметкеріне «әрқайсысың 5 мың доллардан бермесеңдер жүргізушілерден пара алғандарыңды әшкерелеймін» деген. Жинауын жинап берсе де, кейін бастықтарының үстінен өздері арызданыпты. Қылмыс дәлелденсе де судья оған шартты жаза тағайындаған. Алайда істі қайта қараған апелляциялық сот алқасы аудандық сот үкіміндегі олқылықтарды анықтады. Алдыңғы судьяның оны босатып жібергені былай тұрсын, осы бап бойынша салынатын айыппұл сомасын да 100 есеге азайтқаны әшкере болды. Ал оның парақор полицейді неліктен сонша есіркегенін облыстық соттағылар түсіндіре алмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде