Ермегияевтың сыбайластары жаппай кінәсін мойындады
Ермегияевтың сыбайластары қазына қаржысын ұрлағандарын ақыры мойындады. «ЭКСПО ісі» бойынша сотталып жатқан 23 адамның 12-сі өздеріне тағылған айыптармен келісіп, тергеушілерге көмектесетін болды.
Автор: Жәудір Оразхан
27.05.2016
Уақытты көп созбай, кінәсін мойындағандардың қатарында Талғат Ермегияевтің оң қолы болған Қажымұрат Үсенов және құрылыс компаниясының басшылары, кәсіпкерлер бар. Енді осы 12 күдіктіге қатысты қылмыстық іс бөлек қаралады, яғни сотты да басқа судья жүргізеді. Олар тағылған айыпты өз еріктерімен мойындағандықтан, жазасы жеңілдетілуі мүмкін. Астанада екі айдан бері атышулы «ЭКСПО ісіне» қатысты сот жүріп жатыр. Аталған мекеменің экс-басщысы Талғат Ермегияев «ірі көлемде пара алды және қазына қаржысын қымқырды» деген күдікке ілінген еді. Айыпталушылардың қатарында Ермегияевтың орынбасарлары, жеке компаниялардың директорлары, 25 жастағы жігіттен бастап, 70-тегі зейнеткер де бар. Бұлар 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге бөлінген 10 миллиард теңгені қалтаға басқан деп айыпталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!