{metadescription}

Бас прокуратура заңсыз митинг ұйымдастырушылар сырттан қаржыландырылуы мүмкін деп күдіктеніп отыр

Бас прокуратура жер мәселесін желеу етіп, бүлік жасамақ болғандарды тексеріп жатыр. Құқық қорғау орындарының хабарлауынша, 21-мамыр күні белгісіз біреулер жұртты алаңдарға жинап, заңсыз митингілер  өткізуді жоспарлаған. Алайда арандатушылардың арам ойы жүзеге аспады. Прокурорлар рұқсат етілмеген ереуілдерді ұйымдастырғандар мен оған қатысқандар да жауапқа тартылатынын айтып, бірнеше рет ескерту жасаған болатын. Бірақ бұған қарамастан, кейбіреулер адамдарды митингіге шығарып, жұртты арандатқысы келген.

Құсайын Игембаев, ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы:

-Әлеуметтік желілерде тәртіп сақшылары өлтірді деп, ер адамның мәйітінің суреті таратылды. Шын мәнінде, бұл Қытайда болған оқиғадан түсірілген сурет болатын.Орал мен Атырауда бейбіт шеруді желеу ете отырып билікке күш қолдану, оның ішінде қару қолдану арқылы қарсы шығуға дайындықтар жасалған.Аталған қылмыстық істердің аясында осы құқыққа қайшы әрекеттердің заңсыз қаржыландырылуы зерттелуде, олардың қаржы көздері туралы ақпараттар тексерілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде