Зағипа Балиева құқығы шектелген балаларға жеке өзіне телефон соғуға кеңес берді
Үкіметтік емес ұйымдарда балалар құқығын қорғайтын өкілдер тағайындалмақ. Олар жеткіншектердің құқығын қорғаумен қоса, міндеттерін де түсіндірумен айналысады. Балаларды қорғау күні қарсаңында қолға алынған шаралар легі осындай жаңалықпен басталып кетті.
Автор: Ербол Тұрымбет
30.05.2016
Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған шаралардың алғашқысы Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрында өтті. Денсаулығында мүкістігі бар бүлдіршіндер орыс халық ертегісінен қойылым тамашалады. Дәл осындай көңілді кештер кешелі бері барлық аймақтарда өткізілуде. Бүгінде еліміздегі кәмелетке толмаған балалар саны 5 жарым миллионды құрайды. Заң бойынша олардың ақпарат және білім алуға, демалуға, түрлі қызметтерді пайдалануына құқығы бар. Кішкентайлардың конституциялық құқықтарын енді түрлі ұйымдардағы өкілетті тұлғалар түсіндіретін болады.
Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:
-Аймақтарда сондай өкілдерді тағайындаймыз. Тікелей маған хабарласуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!