Мектепке жетем десең, тауға өрмеле
Қытайдың оңтүстік-батысында тұратын оқушылар білім ошағына жету үшін 800 метр биіктікті бағындырады.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
30.05.2016
Кезекті рет мектепке бет алған оқушылардың видеосы қазір ғаламторда қызу талқыға түсуде. Бірақ сөмкелерін асынып, биікке өрмелегендер үшін бұл үйреншікті жағдай екен. Себебі, олардың мектепке баратын басқа жолы жоқ. 15 адам экстремалдық жолды 2 жарым сағаттың ішінде жүріп өтеді. Сондықтан, құзда орналасқан мектеп ерекше кесте бойынша жұмыс істейді. 1 шақырымға жуық жерді бағындырғандар 2 апта білім алып, 1 апта демалады. Аспан асты елінің бұл аймағында тұратын халықтың жағдайы тым төмен көрінеді. Сондықтан мектепке баратын жөні түзу жол салуға да ешкімнің қаражаты жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!