{metadescription}

Ирак үкіметінің әскері содырларға қарсы жойқын шабуылды бастады

Олар лаңкестер бекініп алған әл Фаллужи қаласына басып кіріп, Жүздеген жергілікті тұрғынды қаруланған топтың «құлдығынан» босатты.  

-Соғыс!

Бағдаттан небәрі 50 шақырымда орналасқан эл-Фаллужи содырлардың қарамағына өтіп кеткен болатын. 90 мыңға жуық бейбіт тұрғыны бар шаһарды «Ислам мемлекетінің» жендеттері қалқан ретінде пайдаланып келген. Яғни бала-шағамен қорқытып ұстап отырыпты. Әуе қорғаныс күштері мен коалиция боп біріккен Ирак әскері бүгін тұрғындар шоғырланған аумаққа тигізбей, әуеден де жерден де экстремистерге соққы берді. Десе де, содырлар босап қашқан тұрғындарды өздері атып отырды. Алайда әскери операция кезінде 700 аса жергілікті тұрғын бекіністен аман-есен босатылды. Қаладан қашып шыққандарға киім-кешек пен тамақ таратылып, олар қауіпсіздеу аумаққа жөнелтілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде