Оңтүстікте тасбақаның сорпасын ішпек болғандардың жолы кесілді
Контрабандалық жолмен шетел асырылмақ болған 7 мың ортаазиялық дала тасбақасы Оңтүстік Қазақстан аумағына жіберілді. Бауырымен жорғалаушыларды Ресейге алып өткісі келгендер шекарада ұсталған. Әдетте еуропалықтар осы жәндіктердің сорпасына құмар. Енді асқазанға түсе жаздаған олар Арыс даласында мекен ететін болды.
Автор: Бек Әбиев
30.05.2016
-Мынаны қарашы, ең кішкентайы, керемет қой
Үлкен жүк көлігімен әкелінген тасбақаларды еріктілер мен табиғат қорғаушылары абайлап түсіріп жатыр. Ондаған жылдар өмір сүрген кәрісі бар, жуырда ғана жұмыртқа жарып шыққаны бар жалпы саны 7 мың жәндік. Сауыттарына әуелі қызыл бояумен ен салынып, одан соң арнайы кітапқа тіркелді. Сөйтіп қана бостандыққа жіберіліп жатыр. Бұл белгі біріншіден тасбақаға контрабандашылардың қайта ықыласы түспеуі үшін басылды. Екіншіден олардың арғы тіршілігін бақылап отыру үшін де қажет. Бір айдан кейін мамандар тасбақалардың жаңа ортаға қалай бейімделгенін тексеру үшін тағы келеді.
Болат Құдайбергенов, ОҚО орман және аң шаруашылғы аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:
-Тасымалдау жақсы болғандықтан бірде-бір тасбақа өлген жоқ. Бәрі аман. Ауа-райы да өте қолайлы, ол енді дала тасбақасының биологиясына сәйкес қазіргі маусымда қолайлы болып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!