Астананы жарықсыз қалдырған әккі ұрылар ұсталды
Астананы қараңғылық құшағында қалдырғандар! Елорданың көшесінде жанып тұрған шамдарды жымқырған ұрылар қолға түсті. Ақмола облысының 23, 29 жастағы қос тұрғыны бір сәтте құны 1 миллион теңгеге бағаланған 50 шамды қолды қылған. Яғни, шойын мен мыстан жасалған бағананы бұзып, икемге келмегендерін түбімен жұлып әкеткен. Сөйткен сұғанақтар алыстан келмеген екен. Бас қаланың шетіндегі гүлзарға жалданып тас төсеген құрылысшылар жұмыс біткен соң жарықтандыру құралдарын үптеп, металлға өткізіп жіберіпті. Енді оларды ірі айыппұл немесе түрме күтіп тұр.
Автор: Ербол Сейілхан
30.05.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары