{metadescription}

Педофилдерді піштіруді бастайтын уақыт белгілі болды

Президент қол қойған заң бойынша, азғындарды химиялық жолмен жазалау  2018 жылдан басталмақ. Бүгін Ішкі Істер министрлігі оның іске асырылу тәртібін түсіндірді.

Бірақ педофилге химиялық кастрация қолдануды судья шешуі тиіс. Сот осылай  жазалауды қаласа, түрмеде азғынға еркектік қуатын әлсірететін дәрі егіледі. Иньекцияның күші бір айға жарамды болғанымен абақтыдан жазасын өтеп шыққандардың интернетке суреті жарияланып қана қоймай, 3 жыл қатаң бақылауда жүреді. Заңның қатайтылуы бекер емес. Себебі елімізде 1000-нан астам  ұл-қызды педофилдер зорлап, жәбірлеген. Ардан безгендер бұндай  жантүршігерлік қылмысты көп жағдайда арақ ішіп жасайды екен.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:    

-Сондай-ақ, педофилдерге  шартты жаза қолданылмайды. Оның үстіне Әкімшілік кодекске өзгерту енгізіп, педофилдерге алькогольді сусын мен психотропты препараттар ішуге тыйым салынды. Сонымен қатар, жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа итермелеу дерегін жасырған білім беру мекемелерінің басшыларына жаза күшейтілді

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде