Астанаға Еуразия Одағына мүше елдердің президенттері жиналып жатыр
Астанаға Еуразия Одағына мүше мемлекеттердің президенттері келе бастады. Бірнеше сағат бұрын ең алғашқылардың бірі болып Беларусь басшысы мінген ұшақ Елордаға қонды. Себебі ертең Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтпек. Соның алдында Назарбаев пен Лукашенко жеке кездесіп екі елдің байланысын. талқылады.
30.05.2016
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Елдеріміздің интеграция мәселелеріне қатысты көзқарасы ортақ, халықаралық саясатта да ұстанымдары ұқсас. Біз Сізбен тұрақты түрде кездесіп отырамыз, қазіргі кезде стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жұмысын жүргізудеміз. Көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде Евразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл, өңірдегі және тұтас әлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу үшін біздің кездесуіміздің маңызы зор.
Александр Лукашенко, Беларусь президенті:
- Былтыр біздің арамыздағы тауар айналымының деңгейі төмендеді. Бұл үдерісті кері бағытқа түсіру қажет. Біз - бір экономикалық одақта жұмыс жүргізіп отырған жақын мемлекеттерміз. Бізге қарым-қатынасымыздың іргетасын - сауда мен экономиканы нығайтқан жөн, оның үстіне біз қай жолмен ілгері басуымыз керектігін айқындап та алдық.
Назарбаев пен Лукашенко дағдарысқа байланысты төмендеген алыс-берісті қайта жандандандыруға к елісті. Ал ертең Астанаға Беларусьбасшысынан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Армения президенттері келмекші. Басқосуда Еуразиялық одақтың болашағы сөз етіліп, дағдарыстан бірелсіп шығудың жолдары қарастырылмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!