Назарбаев «Экспо» басшысын кабинетіне шақыртты
Ал осы үлкен жемқорлық дауына қарамастан «ЭКСПО» құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін президенттің жұмыс кабинетіне шақыртылған Ахметжан Есімов осылай деп сендірді.
Автор: Ербол Сейілхан
30.05.2016
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының баяндамасы жақсы көрсеткіштерге толы. Есімов халықаралық көрменің құрылысы кестеге сай жүріп жатқанын айтты. Яғни қалашықтағы мақтауы асырылған нысандар уақытылы аяқталуы тиіс.«Экспо» басшысының есебіне көңілі толған Нұрсұлтан Назарбаев, Есімовке шетелдің озық тәжірбиесін ескеруді тапсырды. Сондай-ақ, Елбасы келешекте Қазақстан павильонын мұражайға айналдыруға болатынын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары