Прокурор Ермегияевты сот залында тұтқындауды сұрады
Атышулы «ЭКСПО ісі» аяқталуға жақын! Бүгін прокурорлар судьядан Талғат Ермегияевты 14 жылға түрмеге жабуды сұрады.
Автор: Ербол Сейілхан
30.05.2016
Бұдан бөлек, «ЭКСПО-ның» экс-төрағасының қымбат пәтерлері, коттедж бен жер телімдері секілді дүние-мүлкі тәркіленіп, ал жазасын қатаң тәртіптегі абақтыда өтеуі тиіс. Сондай-ақ, прокуратура оның бюджет ақшасын бірге ұрлаған орынбасарлары мен ондаған кәсіпкердің бәрін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, сот залында тұтқындауды сұрап отыр. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Ермегияев бастаған бірқатар топ-менеджерге көрме құрылысына бөлінген қазынаның 10 миллиард теңгесін жеді деп бірнеше бап бойынша айып таққан. Тергеу материалдарына қарағанда оның 4 миллиардын пара ретінде Ермегияевтың өзі алыпты. Алайда ол кінәсін сол күйі мойындаған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!