Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші дәрігерлердің өзін кінәлады
Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушінің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Әлеуметтік желілерде қызу талқыланған бұл видео екі күн бұрын Алматы қаласындатүсіріліпті. Онда қара түсті қымбат көлікті тақымдаған ер азамат жедел жәрдемнің алдын жауып, жол бермей қойған.
Автор: Диас Нұрақын
31.05.2016
-Ей немене түсіріп тұрсың...
-Жедел жәрдемді жіберсейші...
Қалалық №1-ші балалар ауруханасының алдында түсірілген таспада жедел жәрдем көлігінің қақпадан шыға алмай тұрғанын аңғаруға болады. Тіпті ақ халаттылар жүргізушіден жол сұрап жалынуға дейін барған. Алайда «Инфинитидің» жүргізушісі қасарысып отыр. Бірақ бұл кикілжіңнің немен аяқталғаны белгісіз. Себебі бейнекөрініс ортасынан үзіліп қалады. Есесіне жағдайдың қалай болғанын қымбат көлік жүргізушісінің өзі айтып берді. Талғат Сақанов сол күні ауруханаға кішкентай қызының жағдайын білуге келген екен. Алайда күзетші ішке көлікпен кіруге рұқсат бермепті. Осы уақытта артымнан тағы екі көлік тұрып қалды. Сол себепті алдымда тұрған жедел жәрдем көлігіне жол беру мүмкін болмады дейді. Сондықтан түймедей нәрсені түйедей еткен ақ халаттылардың әрекетін түсінбей әлек.
Талғат Сақанов:
-Ауруханаға кіруге рұқсат беретін қағазым бар. Соны көрсетіп едім ол кіргізбей қойды. Сосын айттым: «менің алдымда екі машина кірді» деп ұрсысып тұрғанда жедел жәрдем алдыма тұрып алды. Артымда екі машина тұрғасын жібере алмай қалдым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!