{metadescription}

Оңтүстікте әтеш төбелестіріп ақша тапқан тұрғын ұсталды

Әтеш төбелестірудің әлегі! Оңтүстік Қазақстанда қораз төбелесін ұйымдастыру арқылы табыс тауып жүрген азамат құрықталды.

Полицейлер әтештердің әрекетін қызықтап отырған 50-ден астам адамның үстінен түскен. Сайрам ауданы тұрғынының өз үйіндегі тотализаторды біраздан бері жолға қойғаны анық байқалады. 45 жастағы азамат қораз төбелестіруге барлық жағдайды жасаған екен. Сол үшін Рим стиліндегі нағыз гладиаторлар аренасы мен көрермендерге арналған орындарды да тыңғылықты онатыпты. Тіпті әр әтеш тынығатын бөлек-бөлек бұрыш та дайындаған. Қазір полиция әр төбелестен нақты қанша ақша түскенін және заңсыз ойындардың қашаннан бері ұйымдастырылып жүргенін тексеріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде