{metadescription}

Павлодар облысында вандалдардан шошыған жұрт бейіт басына түнеуге мәжбүр

Павлодар облысында ескі молаларды тонау тыйылмай тұр. Биыл әсіресе темір қоршауларды ұрлап саудалайтындар көбейген. Тіпті тұрғындардың өзі қарақшылардың бірін ұстап, полицияға тапсырыпты. Ал күдіктіні қамамай қойған тәртіп сақшыларына жұрттың өкпесі қара қазандай. Енді олар бейіт басында түнеуден басқа амал таппай отыр.

Мұса Байғабылов туыстары жерленген бұл зиратқа жиі келеді. Ата-бабалары жатқан қорым қоршаусыз қалып, төрт түлік таптап жатыр деп налиды.

Мұса Байғабылов, Әйтей батыр ауылының тұрғыны:

-Тепсе темір үзетін жігіттер. Бұл не деген масқара? Сондықтан бұлардың енді жазасын да беру керек, оның үстіне мәйітті орнына қалпына келтіріп беруді тілейміз.

Лебяжі ауданындағы өзге елді мекендерде де жағдай осындай. Түн батқанда қарақшылар темір қоршаулармен қоса, мола есіктерін де жұлып әкететін көрінеді. Ал соңғы қылмысты өздері әшкерелеген ауылдықтар бұзақыны қуып жетіп, полицияға тапсырыпты.

Таңат Байжанов, Әйтей батыр ауылының тұрғыны:

-Бірінші рет емес. Қолында кувалда, балға бар екен, сым қиятын жуан қайшы бар екен. Міне осымен ұстады, біздің ауылдың жастары күзетіп ұстады. Енді жүз шақырым жер қаша ма, егер ұрламаса?

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден айғақ таппаған тәртіп сақшылары ешқайда шықпауын ескертіп, үйіне қоя беріпті. 

Баян Мағзұмова, Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы:

-Зират басында қазып алған темір бөлшектер сол жерде қалған. Өйткені өзінің арам ойын ол аяқтай алмаған. 32 жастағы азаматқа айыппұл салынуы мүмкін немесе шартты түрде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аудан басшыларының да ескі қорымдарға күзет қоймасын түсінген жұрт енді кімге барып шағымданарын білмейді.

-Бір ғана мына зират басында шамамен 2000-ға жуық адам жерленген. Бастапқыда тек аумақ қоршауларын тонаған бұзақылар кейін мола ішінде орнатылған темір-терсекті де қолды қыла бастаған. Ал жергілікті биліктен күдер үзген жұрт енді күн-түн демей бұл жерді өздері күзетуге мәжбүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде